Kundelik пен Яндекс серіктес болды!
Енді Kundelik сайтында Яндекс Нейро-ның интеллектуалды мүмкіндіктері бар Яндекстен іздеу қолжетімді. Оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер қажет ақпаратты тезірек таба алады, ал жекелендірілген ұсыныстар оқуға көмектеседі..
Сондай-ақ, оқу материалдарымен қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс істеуге арналған арнайы браузер әзірленді.
Іске қосылу күні: 2025 жылғы 7 сәуір.
Кімге қолжетімді: мұғалімдер-ата-аналарға, ата-аналарға және оқушыларға.
Kundelik-те Нейро арқылы іздеу
Яндекстен Нейромен біріктірілген іздеу – бұл нәтижелерді дәл әрі өзекті көрсету үшін нейрожелілерді пайдаланатын ақылды іздеу жүйесі.
Kundelik сайтында, Яндекс іздеуді басты бетте, келессі бөлімдерде табуға болады (скриншотты қараңыз):
-
«Мектеп» – мұғалім-ата-анаға мен оқушы үшін;
-
«Балалар» – ата-ана үшін.
Яндекстен ерекше браузер
Kundelik пайдаланушыларына арналған Яндекстің ерекше браузері – бұл білім ресурстарына қауіпсіз әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы шешім.
Браузердің артықшылықтары:
- Жылдам және қауіпсіз браузер жаңа генеративті нейрожелілерімен жабдықталған.
- Нейро іздеу – қазақ тілді және ғаламдық интернеттен алынған ақпаратты талдай отырып, іздеу мен генеративті модельдерді біріктіреді.
- Математика бойынша ЖИ-көмекші – есептерді шешуге көмектеседі және шешу жолдарын түсіндіреді.
- Нейроредактор – мәтіндерді құрастырады және өңдейді, стиль мен форматты өзгертуге мүмкіндік береді.
- Ақылды аударма – 100-ден астам тілді қолдайды, мәтіннің тақырыбын ажырата алады және сәйкес лексиканы қолданады.
- Қысқаша мазмұндау – PDF, DOCX, TXT құжаттарын қоса алғанда, ұзын мәтіндерді қысқартуға және құрылымдауға көмектеседі.
- Бейнені қазақ тіліне аудару – ағылшын, неміс, француз, итальян және испан тілдеріндегі трансляцияларды дыбыстайды.
- Қауіпсіздік – күдікті сайттар туралы ескертеді, құпия сөздер мен банк деректерін қорғайды.
Kundelik.kz үшін Яндекс браузерін қалай орнатуға болады?
Kundelik порталының сайтына өтіп:
- бірлескен жобалар бөлімінде сілтеме бойынша жоба туралы мақаланы ашу;
- орнату файлының көрінісін таңдап, орнату сілтемесіне өту;
- орнату қадамдарын орындап, браузерді іске қосыңыз – бәрі дайын!
Сондай-ақ браузерді келесі сілтемелерден жүктеп алуға болады:
- Windows жүйесіне арналған браузердің lite нұсқасына сілтеме;
- Mac OS жүйесіне арналған браузерге сілтеме;
- Windows жүйесіне арналған браузердің толық (full) нұсқасына сілтеме.
Браузер туралы ақпарат осында.
7 сәуірде іске қосылуды өткізіп алмаңыз – Kundelik пен Яндекстің жаңа мүмкіндіктерін бірге пайдаланыңыз!
Comments
Please sign in to leave a comment.