Kundelik.kz компаниясы Kari және Tele2 серіктестерімен бірге мұғалімдерге сыйлық бонустарын есептеу бағдарламасын іске қосты. Бұл бонустарды серіктестердің тауарлары мен қызметтеріне айырбастауға болады.
Бағдарламаның жалпы шарттары:
- Берілген сыйлық бонустарының сомасы 20000 K.Bonus.
- Плюс 100%-дық кэшбек - K.Bonus Club-қа жазылу кезінде 2500 K.Bonus.
- Бонустардың максималды саны - 22 500 K. Bonus.
- Сыйлық бонустарын берілу күні -03.09.2025.
- 03.10.2025 дейін жарамды, содан кейін олардың мерзімі аяқталады.
*Алдағы уақытта Alser компаниясымен интеграция жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.
Бонустарды пайдалану үшін келесі шарттарды орындау қажет:
- kundelik.kz жүйесіне кіру;
- «Бағдарламалар» бөліміне өту;
- «K.Bonus»-ты ашу (https://bonus.kundelik.kz/kz);
- тіркеліп, нысанды келесі мәліметтермен толтыру қажет:
- тіркелгеннен кейін 20000 K.Bonus мөлшерінде есептелген бонустар көрсетіледі.
Бонустарды пайдалану үшін K.Bonus Club-қа жазылу қажет.
Жазылымды рәсімдеу үшін келесі қадамдарды орындау керек:
- https://bonus.kundelik.kz/kz сайтына кіру;
- жазылымның жоқтығы туралы сұр түсті хабарламадағы «Толығырақ» батырмасын басу;
- ашылған терезеде «Жазылымды рәсімдеу» батырмасын басу;
- Kaspi bank
белгішесін басып, QR-коды арқылы төлем жасау қажет.
Ескерту: жазылымға тек Kaspi bank-те QR-коды арқылы жазылуға болады. Басқа төлем әдісі қолжетімді емес.
Жазылымды рәсімдегеннен кейін мұғалім 2500 K. Bonus мөлшерінде 100% кэшбек алады. Осылайша, Tele2 және Kari серіктестерінен тауарларға немесе қызметтерге айырбастауға болатын жалпы сомасы 22500 K.Bonus-тар есептеледі:
- Tele2 - 2 ГБ интернетке 1000 K.Bonus айырбастауға мүмкіндік береді. Максималды 4000 K.Bonus;
- Kari - жалпы сомасы 5000-нан 10000 теңгеге дейінгі промокодтар береді.
Бонустарды қалай пайдалануға болатындығы туралы келесі мақалалардан біле аласыз:
Comments
Please sign in to leave a comment.