DamuBala - бұл 4 жастан 17 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларға арналған жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша спорт секцияларына немесе шығармашылық үйірмелерге іздеу және жазылу платформасы.
Екі компаниялардың серіктестігінің көмегімен, kundelik.kz жүйесінде тіркелген ата-ана DamuBala бөліміне өтіп, баласы қатысатын ағымдағы үйірменің күйін бақылай отырып, үйірмедегі кезекті көре алады және берілген ваучерлердің тарихымен таныса алады.
DamuBala жұмыс істейтін аймақтар
Спорт басқармасы | Мәдениет басқармасы |
|
|
Kundelik.kz жүйесінде ақпаратты қалай көруге болады?
Kundelik.kz сайтында оқушы қай үйірмелерге баратыны туралы ақпаратты көру үшін:
- kundelik.kz сайттында «Көк жолақта» - «Үйірмелер» батырмасын басу керек;
- платформаларды таңдау беті ашылады, онда «DamuBala» бөлімінде үйірмелер мен секциялар бойынша деректер көрсетіледі.
Ақпарат бірнеше нұсқада көрсетілетін болады.
Жүйе деректерді тексеруді сұрауы мүмкін. DamuBala-дан ақпаратты көру үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен деректерді тексеруді жүзеге асыру талап етіледі. Ол үшін:
- сілтеме арқылы өтіп NCALayer бағдарламасын компьютерге орнатып (ЭЦҚ арқылы қол қою үшін);
- «Деректерді тексеру» батырмасын басу;
- ЭЦҚ кілтін таңдау терезесі ашылады, Auth кілтін таңдап, деректердің тексерілуін растау;
- «Мен дайынмын!» батырмасын басу қажет.
- әрі қарай, DamuBala жүйесіндегі балаңыздың үйірмелері туралы ақпарат ашылады.
-
Бөлімдегі кезектер - ата-ана өтініш берген және кепілхат (ваучер) алу үшін ұлттық кезекте тұрған бөлімдердің тізімі. Ол келесі деректерді көрсетеді:
- үйірме бағыты;
- мекеменің атауы;
- кезекке қою күні;
- кезекте тұрған ваучердің орны.
-
Қазіргі бөлімдер - қазіргі уақытта бала қатысып жүрген бөлімдердің тізімі. Ол келесі деректерді көрсетеді:
- үйірме бағыты;
- кезекте тұрған ваучердің орны:
- мекеменің атауы.
-
Кепілхаттардың тарихы - бұрын өтініш берілген кепілхаттырдың (ваучер) тізімі. ол келесі деректерді көрсетеді:
- үйірме бағыты;
- мекеменің атауы;
- кепілхатты (ваучер) беру күні;
- кезекте тұрған ваучердің орны;
- күйі:
- Белсенді;
- Белсенді емес;
- Мұрағатталған.
Жүйеде мүмкін болатын хабарландырулар:
Мұндай ЖСН бар пайдаланушы табылмады. Ата-ананың парақшасының параметрлерінде ЖСН көрсетілмегенін және DamuBala бөлімдерді көрсету үшін ата-ана деректерін таба алмайтынын білдіреді.
ЖСН дұрыс емес (деректер жоқ). Бұл ата-ананың парақшасының параметрлерінде қате ЖСН көрсетілгенің білдіреді.
Kundelik.kz парақшасындағы ЖСН қалай түзетуге / қосуға болады?
|
Жиі қойылатын сұрақтар
Баланы DamuBala-ға тіркеу үшін не қажет? | Баланы тіркеу үшін өз өтінішіңізді растай отырып, https://damubala.kz/ порталында ЭЦҚ арқылы тіркелу қажет (электрондық-цифрлық қолтаңба) және одан әрі қарапайым нұсқауларды орындау керек. |
Балаға арналған үйірмеге қалай өтініш беруге болады? | Толық нұсқаулық - сілтеме арқылы қолжетімді. |
Егер үйірме балаға сәйкес келмесе? | Ата-ана бос орындар мен кепілхат(ваучер) болған жағдайда басқа қолайлы үйірмелерді қарауға құқылы. Баланы кезекке қою үшін баланың ата-анасы сайтта электронды өтініш беруі керек. Бос орындар олардың электронды тәртібі бойынша және бос орындардың болуына қарай бөлінеді. |
DamuBala-дағы өз кезегімді қалай жылжытуға болады? |
DamuBala техникалық қолдау қызметіне хабарласу керек: |
Мен үйірмеге кепілхатты(ваучер) ала алмаймын. |
Comments
Please sign in to leave a comment.