«E-Qujat» электрондық құжат айналымы жүйесін (ЭҚЖ) пайдалана отырып, ЭЦҚ көмегімен қол қоюға болатын құжаттардың бірі - сынып журналы, атап айтқанда оның баспа нұсқасы болып табылады.
Сынып журналына келесі тұлғалар қол қоюы қажет:
- директордың оқу-тәртібі жөніндегі (ОҚЖ) орынбасары (ЭЦП RSA кілті арқылы);
- мектеп директоры (ЭЦП GOST кілті арқылы).
Назар аударыңыз! Журналды ЭЦҚ арқылы қол қоюға жіберу үшін, директордың оқу-тәртібі жөніндегі (ОҚЖ) орынбасары әкімші рөліне ие болуы керек.
Алайда, алдын-ала Сынып жетекшісі журналдың дұрыстығын тексеріп, оны «E-Qujat»-та сәйкестендіруі керек.
Сынып жетекшісінің орындайтын іс-әрекеттері:
- «Мектеп» - «Журналдар» бөлімін ашу;
- «Басып шығару» бөліміне өтіп, қажетті сыныпты таңдау;
- «Бір сынып үшін толық жылға» басып шығару түрін таңдау;
- «Журналды басып шығару» батырмасына басу қажет.
Әрекеттерді таңдау терезесі ашылады:
- «Дайын» - журналдың PDF форматындағы баспа нұсқасы ашылады.
- «ЭЦҚ арқылы қол қою» - журналдың баспа нұсқасы «E-Qujat» қызметіне ауыстырылады, онда таңдалған құжатқа қол қою мүмкіндігі болады.
Үлгерімі табелімен сияқты, «E-Qujat» қызметіне ауысқан кезде электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, деректерді тексеруден өту талап етілуі мүмкін.
Тексеруден өткеннен кейін «E-Qujat» қызметі ашылып, онда қол қоюға жіберілген журнал көрсетіледі. Қол қою алдында оның дұрыстығын тексеру ұсынылады.
Құжатқа келісімді беру үшін сынып жетекшісі экранның жоғарғы жағындағы «Келісім беру» батырмасын басуы керек. Осыдан кейін ғана оқу-тәртібі жөніндегі орынбасарында құжатқа қол қою мүмкіндігі ашылады.
Егер «Қабылдамау» батырмасын басатын болса, онда құжат бұғатталады және оған қол қою мүмкіндігі болмайды.
Директордың оқу-тәртібі жөніндегі орынбасары орындайтын іс-әрекеттері:
- «Бағдарламалар» -> «Күнделік.E-Qujat» бөліміне өтіп;
- «E-Qujat» сервисіне ЭЦҚ GOST кілті арқылы кіру;
- үстіңгі сол жақтағы «Журналы» қойындысына өту;
- экранның жоғарғы жағында құжатқа қол қою кезеңі - «Директор орынбасары қол қоюда» таңдап;
- қажетті журналын таңдап;
- экранның жоғарғы жағындағы «ЭЦҚ-мен қолтаңба қою» батырмасын басу.
- RSA типі бар ЭЦҚ файлын таңдау;
- ЭЦҚ құпиясөзін енгізу;
- «Открыть ЭЦП» батырмасын басу.
-
- ЭЦҚ бойынша деректерді тексеріп, «Қолтаңба қою» батырмасын басу;
- ЭЦҚ арқылы қол қою барысында барлық қатысушылары үшін (директордан басқа) жеке тұлғаның - RSA кілті қолданылады ;
- директор / директордың м.а. үшін заңды тұлғаның қол қою құқығы бар - GOST кілті қолданылады.
«Подписать» батырмасына басқаннан кейін жоғарғы сол жақ бұрышта «Документ подписан ЭЦП» деген хабарлама пайда болады.
Әрі қарай, құжатқа директор қол қоюы керек.
Директордың іс-әрекеттері:
- «Бағдарламалар» -> «Күнделік.E-Qujat» бөліміне өтіп;
- ЭЦҚ GOST кілті арқылы «E-Qujat» қызметіне кіру;
- жоғарғы сол жақ бұрыштағы «Журналы» бөліміне өту;
- экранның жоғарғы жағында құжатқа қол қою кезеңі - «Директор қол қоюда» таңдап;
- қажетті журналды таңдау;
- жоғарғы сол жақ бұрышта «ЭЦҚ-мен қолтаңба қою» батырмасын басу;
- әрі қарай, директор GOST ЭЦҚ кілтін қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген қадамдарды қайталап орындау қажет.
Құжатқа қол қойылғаннан кейін экранның жоғарғы жағында «Документ подписан ЭЦП» хабарламасы көрсетіледі.
Әрі қарай, беттің төменгі сол жақ бөлігінде «Жүктеу» батырмасын басу қажет.
Қол қойылған құжат келесі нұсқада көрсетіледі:
Comments
Article is closed for comments.