Kundelik.kz жүйесінде «E-Qujat» электрондық құжат айналымы жүйесін (ЭҚЖ) пайдалана отырып, ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қол қою мүмкіндігі пайда болды.
Жүйеде келесі құжаттарға қол қоюға болады:
- оқушының үлгерімі табелі;
- сынып журналы;
- оқушылар ауысуы туралы есептер.
Үлгерімі табеліне келесі тұлғалар қол қоюы тиіс:
- сынып жетекшісі (RSA ЭЦҚ кілті);
- мектеп директоры (GOST ЭЦҚ кілті).
Үлгерім табелі
ЭЦҚ көмегімен үлгерімі табеліне қол қою үшін сынып жетекші:
- «Мектеп» -> «Есептер» бөлімін ашу;
- «Үлгерімі» -> «Оқушылар» есебін таңдау;
- оқу жылын көрсету;
- сыныпты таңдау;
- «Барлық кезеңдер бойынша» кезеңін таңдау;
- қажетті оқушылардың атын таңдап, «Есепті құрастыру» батырмасын басу;
- «Басып шығару» батырмасын басу;
-
ашылған терезеде келесі деректерді қолмен енгізу:
- табель нөмірін;
- таңдау пәндері және оларға қойылатын бағаларын;
- педагогикалық кеңестің шешімін;
- «Тәртібі» бойынша мәліметін көрсету қажет.
Үлгерімі табелі туралы толық ақпарат «Үлгерімі: Оқушылар» есебі мақаласында қолжетімді.
Әрі қарай, барлық ақпараттың дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіп, «ЭЦҚ қол қою» батырмасын басу керек.
Деректерді тексеру «E-Qujat» қызметіне алғашқы өту кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен деректерді тексеруді жүзеге асыру талап етілуі мүмкін.
Ол үшін:
- сілтемені басу арқылы NCALayer бағдарламасын орнату (ЭЦҚ-мен қол қою үшін);
- «Верифицировать данные» батырмасын басу;
- ЭЦҚ кілтін таңдау ашылады, Auth кілтін таңдап, деректердің тексерілуін растап;
- «Я готов!» батырмасын басу қажет.
«E-Qujat» қызметі ашылады, онда қол қоюға жіберілген құжат бойынша деректер көрсетіледі, оның дұрыстығын тексеру қажет.
Оқушының аты-жөніне басқан кезде құжат туралы ақпарат ашылады, онда экранның төменгі сол жағында «Картаның құжаттары» бөлімінде PDF белгішесін басып, файлды тексеру үшін оны жүктеуге болады.
Назар аударыңыз! Үлгерімі табеліне тек жауапты адамдар - сынып жетекшісі, директор, ата-ана қол қоя алады.
Егер сынып жетекші, ақпараттын дұрыстығына қөз жеткізсе, келесі қадамдарды орындау қажет:
-
экранның жоғарғы жағында «ЭЦҚ-мен қолтаңба қою» батырмасын басу қажет.
- RSA типі бар ЭЦҚ файлды таңдау;
- ЭЦҚ кілтінің құпиясөзін енгізу;
- «Открыть ЭЦП» батырмасын басу.
- ЭЦҚ бойынша деректерді тексеру және «Қолтаңба қою» батырмасын басу.
- процестің барлық қатысушылары үшін (директордан басқа) жеке тұлғаның кілті қолданылады - RSA;
- директор / директордың м.а. үшін заңды тұлғаның қол қою құқығы бар кілт қолданылады - GOST.
«Подписать» батырмасын басқанан кейін, үстіңгі сол жақта келесі мәтін пайда болады - «Документ подписан ЭЦП».
Әрі қарай, құжатқа директор қол қоюы тиіс. Ол үшін директорға:
- «Бағдарламалар» -> «Күнделік.E-Qujat» бөліміне өтіп;
- «E-Qujat» сервисіне ЭЦҚ GOST кілті арқылы кіру;
- үстіңгі сол жақтағы «Табели» қойындысына өту;
- экранның жоғарғы жағында құжатқа қол қою кезеңі - «Директор қол қоюда» таңдап;
- қажетті табельдің үстіне басу;
- үстіңгі сол жақтағы «ЭЦҚ-мен қолтаңба қою» батырмасын басу;
- әрі қарай, жоғарыда көрсетілген қадамдардан өтіп, бірақ директор міндетті түрде ЭЦҚ GOST кілттің қолдану керек.
Егер бірнеше құжатқа қол қою қажет болса, оларды құсбелгімен таңдап, «ЭЦҚ-мен қолтаңба қою» батырмасын басуға болады.
Құжатқа қол қойылғанан кейін экранда үстіңгі сол жақта «Документ подписан ЭЦП» мәтіні шығады.
Әрі қарай, парақшаның астыңғы сол жағында «Жүктеу» батырмасын басу қажет.
Қол қойылған құжат келесі түрде қөрсетілетін болады:
Comments
Article is closed for comments.