Ата-аналар үшін K.Bonus -> Sulpak

Sulpak серіктес компаниясынан бонустарды алу үшін ата-аналарға «Күнделік.Мектеп» мобильді қосымшасында жылдық жазылымды рәсімдеу қажет.

Толығырақ: Ата-аналар мен оқушыларға арналған «Күнделік.Мектеп» мобильді қосымша

Ескертулер:

Бонустар жазылым жасаған парақшаға және туыстық байланысы бар (ата-ана мен оқушы арасында) барлық пайдаланушыларға бір рет қана беріледі: 

  • егер парақша оқушыға тиесілі болса, онда оған бағалау бонустарынан басқа, мобильді қосымшада жылдық жазылымды рәсімдегені үшін +3500 бонус беріледі;
  • егер пайдаланушыға ата-ана рөлінен басқа мектеп қызметкерінің рөлі болса, бонустар туралы ақпарат оның bonus.kundelik.kz сайтындағы парақшасында компаниядан курсты аяқтағаны үшін алған бонустарының жанында көрсетіледі.
  • Мобильді қосымшадағы жылдық жазылым бонустары барлық пайдаланушыларға отбасылық қатынас шеңберінде беріледі, егер жүйеде туыстық байланыс орнатылса, отбасының әрбір мүшесіне +3500 бонус бір рет беріледі. 
  • бонустар мобильді қосымшада жылдық жазылымды ресімдегендердің барлығына 01.01.2022 жылдан бастап беріледі.

Шарттар:

  • Жазылымның сынақ мерзімі бонустарды есептеу кезінде есепке алынбайды.
  • K.Bonus есептелген сәттен бастап 3 ай жарамды.
  • Арнайы Sulpak бонустарна Sulpak дүкендеріндегі кез-келген өнімге жұмсауға болады.
  • Бонустарды тауар бағасының 30%-на дейін жұмсауға болады.
  • Арнайы Sulpak бонустарын K.Bonus-қа кері ауыстыру мүмкін емес.
  • Ауыстырғаннан кейін Арнайы Sulpak бонустары 30 күн бойы жарамды болады.
  • Арнайы Sulpak бонустарын қолма-қол ақшаға айналдыруға болмайды, оларды тек серіктестерімізден тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін пайдалануға болады.

Есептелген бонустарды қалай көруге болады?

Бағдарламаның сайтын ашу үшін bonus.kundelik.kz сілтемеге өтіңіз немесе «Бағдарламалар орталығында» K.Bonus қосымшасын ашыңыз.

mceclip0.png

  • жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Кіру» батырмасын басыңыз;
  • жеке мәліметтеріңізді енгізіңіз (егерде олар бар болса, дұрыстығын тексеріңіз);
    • телефон нөмірі +7(***)***-**-** форматында көрсетіледі.Телефон нөмірін енгізген кезде мұқият болыңыз. Оны өзгерту үшін қолдау қызметіне хабарласу қажет болады.

  • «Сақтау» батырмасын басыңыз;

Назар аударыңыз! Сіз деректердің дұрыстығына жеке жауаптысыз. Алаяқтық жағдайында компания заңды шара қолдану құқығын өзіне қалдырады.

«Менің бонустарым» блогында  «Күнделік.Мектеп» мобильді қосымшасында жылдық жазылымды рәсімдеген үшін алған K.Bonus мөлшерін көресіз. Ал «Соңғы операциялар» блогында бонустардың қозғалыс тарихы қол жетімді. 

K.Bonus-ты Арнайы Sulpak бонустарына қалай ауыстыруға болады?

K.Bonus-ты Арнайы Sulpak бонустарына айырбастау үшін сайттың жоғары жағындағы серіктесті таңдап, «Бонустарды айырбастау» батырмасын басу керек.

Назар аударыңыз! Бонустарды айырбастау үшін жарамды K.Bonus Club жазылымы қажет.

Sulpak сайтының беті ашылады, онда сіз K.Bonus-қа тіркелген телефон нөмірін көрсетіп, растау кодын алуыңыз керек:

Сіздің телефоныңызға Sulpak парақшасына енгізу керек растау коды келеді.

Әрі қарай, сіз бонус түрлендіргішін көресіз:

Мұнда сіз өзіңіздің kundelik.kz K.Bonus-ты Арнайы Sulpak бонустарына толығымен немесе ішінара айырбастай аласыз.

Бонустарды айырбастау үшін:

  • «Беремін» жолында бонустардың қажетті санын енгізіңіз;
  • «Айырбастау» батырмасын басыңыз;
  • «Растау» батырмасын басыңыз.

Бонустар айырбасталғаннан кейін сіз оларды Sulpak дүкендеріндегі тауарларға жұмсай аласыз.

Was this article helpful?
22 out of 27 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.